Парубийді өлтірді өлтірді деген күдікпен бір адам ұсталды

Украинаның Хмельницк облысында 1 қыркүйекке ауған түні Украина жоғарғы радасының бұрынғы спикері Андрей Парубийді өлтірді деген күдікпен бір адам ұсталды, - деп хабарлайды euronews.
Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский хабарлады. Күдіктінің аты-жөні айтылмады. Зеленскийдің сөзінше, ұсталған адамның айтқандары да әзірше жарияланбайды. Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко қылмыс тыңғылықты дайындалғанын, киллер Парубийдің жүретін жолын зерттеп, шабуылды және қашып кету әдістерін жоспарлағанын айтады. Андрей Парубийді 30 тамызда Львов қаласында атып кеткен еді. Ол 2016 жылдың 14 сәуірінен бастап, 2019 жылдың 28 тамызы аралығында Жоғарғы раданың спикері болған.
Фото: euronews.com

Ең көп оқылған
