Зеленский Украинада “рашизм” терминін заңдастырды

Владимир Зеленский жұма күні, 29 тамызда, “Украина халқының ұлттық жадын мемлекеттік саясаттың негіздері туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Құжатта алғаш рет ресми түрде “рашизм” ұғымы бекітіліп, ол “ресейлік нацистік тоталитарлық режимнің негізінде жатқан тоталитарлық идеология мен тәжірибенің түрі” деп анықталған.
Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ирина Верещуктың айтуынша, бұл — “ұлттық бірегейлікті қорғау мен дамытуға арналған іргелі заң”, алдыңғы президенттер “қалаған жоқ, қолынан келмеді немесе батылдық танытпады”. Жоғарғы рада заңды 21 тамызда қабылдаған.
Құжатта тарихи жадты сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері ретінде айқындалып, оның ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі екені көрсетілген. Заңда алғаш рет мемлекеттік деңгейде “Украинаның тәуелсіздік үшін соғысы”, “тарихи антиукраиндық насихат” және “украин халқына қарсы қылмыстар” сияқты ұғымдар да бекітілді, деп жазады украиналық Сот-құқықтық газет.
Фото: Ukrainian Presidentia/Planet Pix via ZUMA Press Wire/dpa/picture alliance

Ең көп оқылған
