«Селтиктің» бас бапкері: Ойын осал өтті

«Қайрат» өз алаңында «Селтикті» пенальти арқылы жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті.
Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында «Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс матч туралы пікір білдірді.
Ойын осал өтті. Біздің сәттеріміз болды, бірақ оны пайдалана алмадық. Жалпы ойын деңгейі төмен болды. Мұндай ойындарда гол соқпасаң, пенальти сериясында бәрі де болу мүмкін. Топтық кезеңге шыққымыз келді. Бірақ шыға алмадық, оны мойындау керек. Чемпиондар Лигасы бізден көбірек нәрсе талап етеді, — деді ол.
Сондай-ақ Брендан Роджерс «Қайратты» жеңісімен құттықтады.
Біз үйде гол соғуымыз керек еді. Бірақ оны айтпай, бүгінгі ойынға тоқталсақ, нашар болып шықты. Десе де, мен «Қайратты» жеңісімен құттықтаймын. Өте мықты команда, өте мықты қарсылас, — деді ол.
«Селтиктің» бас бапкері өз командасына бұл ойыннан сабақ алып, алға қарай ұмтылуы керек екенін айтты.
Кәсіби тұрғыда күйзеліске төзімді болуымыз керек. Біз футбол командасы ретінде артқа қарап, одан сабақ алып, алға жылжуымыз керек, — деді бапкер.
Еске салайық, «Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
Фото: Kazinform

Ең көп оқылған
