Қазақстандық төреші Еуропа чемпионатына қатысады

Қазақстандық төреші жастар арасындағы Еуропа чемпионатында қызмет атқарады.
Ол 12-29 маусым аралығында Словакияда өтетін 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (UEFA U21) финалдық кезеңінде жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, аталған шешім отандық футбол үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Көп жылдық үзілістен кейін қазақстандық төреші алғаш рет УЕФА аясындағы ірі халықаралық турнирдің шешуші кезеңіне шақырту алды. Болат Сариев құрлықтық додада төртінші төреші қызметін атқарады. Бұл оған халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Оның алғашқы матчы 12 маусымда Финляндия мен Нидерланд құрамалары арасында өтеді. Басталуы - Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бүгін Андорраға қарсы ойын өткізді.
Бұл кездесуде олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Фото: ҚФФ

Ең көп оқылған
