«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

Алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Францияның Ле-Ман қаласында өткен жартылай финалда қазақстандық команда Испанияның «Картахена» клубын 3:2 есебімен жеңіп шықты.
Ойын барысында «Қайрат» сапынан Алиссон де Лима дубль авторы атанса, үшінші голды команда қақпашысы Деннис Кавальканти соқты. Қарсы тараптан Мигель Анхель мен соңғы минутта пенальтиден көзге түскен Габриэль Мотта гол соқты.
Финалда алматылық ұжым 3 мамыр түнінде өтетін «Спортинг» (Португалия) — «Пальма» (Испания) матчында анықталатын қарсыласымен кездеседі.
Айта кетейік, «Қайрат» 2013 және 2015 жылдары аталмыш турнирде жеңімпаз атанған болатын. Биылғы маусымда команда Еуропаның басты футзал жарысында тағы да чемпиондық атақ үшін күресуге бір қадам жақын тұр.
Фото: «Қайрат» футзал клубы