457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан командалар қандай?

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алған 32 команда анықталды.

Аталған турнирде алматылық «Қайрат» плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді. 

Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Әрбір команда сегіз ойыннан өткізеді. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.

Алматылық «Қайраттан» өзге негізгі кезеңге кипрлік «Пафос» және норвегиялық «Буде‑Глимт» жолдама алды. Оған дейін жарыстың аталған сатысында сынға түсетін 29 команда белгілі болды. Олардың қатарында «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Челси», «Ньюкасл» (барлығы — Англия), «Наполи», «Интер», «Аталанта», «Ювентус» (барлығы — Италия), «Барселона», «Реал», «Атлетико», «Атлетик», «Вильярреал» (барлығы — Испания), «Бавария», «Байер», «Айнтрахт», «Боруссия Дортмунд» (барлығы — Германия), «ПСЖ», «Марсель», «Монако» (барлығы — Франция), ПСВ, «Аякс» (екеуі — Нидерланд), «Спортинг» (Португалия), «Юнион» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), «Славия» (Чехия) және «Олимпиакос» (Грекия) бар.

Енді 27 тамызда Әзірбайжанның «Карабах» және Мажарстанның «Ференцварош» (бірінші ойын 3:1), Бельгияның «Брюгге» және Шотландияның «Рейнджерс» (бірінші ойын 3:1), Португалияның «Бенфика» және Түркияның «Фенербахче» (бірінші ойын 0:0), Данияның «Копенгаген» және Швейцарияның «Базель» (бірінші ойын 1:1) жұптарында жеңімпаз анықталады.  

Фото: «Қайрат» футбол клубы