457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Реалдың» автобустарын «Алтын орда, Барахолка жақпен жүргізбеңдер» - желідегі пікірлерге шолу

Өзіміздің парақша болып кетті ғой

Бүгін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы тарихи матч өтеді. «Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей», әлеуметтік желіде пікірдің саналуанына кездесесің.

Қазіргі кезде Instagram желісінде 177 миллион жазылушысы бар «корольдік» клубтың парақшасында қазақстандық жанкүйерлердің пікірінен көз сүрінеді.

«Кешке үй жаққа келіп ет жеп кетіңдер Мбаппежан»,«Қонаққа киетін киімдерің шығарыпты ғой», «Соншалықты Louis Vuitton-нан киініп келетіндей стадион емес», «Джей Ло келіп, әйелдерге мотивация беріп еді, бұл жолы «Реал» келіп ерлерге мотивация жасады», «Қақпада екі адам тұрса бола ма?», «Реалдың автобустарын «Алтын орда, Барахолка» секілді базар жақпен жүргізбеңдер», «Автобустың жүргізушісінің жолы болыпты», «Өзіміздің парақша болып кетті ғой», - деген пікірлер жазылған.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» кездеседі.  Тарихи ойынды сағат 21:35-те «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Фото: Getty Images