«Қайрат» пен «Реал» матчын тамашалауға шетелден 5 мың турист келді
Бүгін Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынды тамашалауға 5 мың турист келеді, деп хабарлайды malim.kz.
Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінде жазылды.
Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.
Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді.
«Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді», - делінген хабарламада.
Фото: Алматы қаласының әкімдігі