457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында Финляндияның КуПС клубын 3:0 есебімен жеңіп, екі кездесудің қорытындысы бойынша 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ойынның есебі 10-шы минутта ашылды – бұрыштама добынан кейін алаң иелерінің 16 жастағы шабуылшысы допты іліп алып, айып алаңы сыртынан қатты соққы жасады.

29-шы минутта португалиялық Жоржиньо қақпаға добын дәл жеткізіп, есепті еселей түсті.

Тайм аяқталар тұста Валерий Громыко клуб үшін тарихи үшінші голды соқты.

Осылайша "Қайрат" өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасы аясындағы бір ойында екіден көп гол соқты.

Матч барысында бір оқыс оқиға да тіркелді, атап айтсақ, қосалқы ойыншылар орындығында отырған Георгий Зария даулы сәт кезінде алаңға жүгіріп шығып, тікелей қызыл карточка алды.

Екінші таймда алаң иелері қарсыласына есепті өзгертуге мүмкіндік бермей, матчты 3:0 есебімен аяқтады.

Енді үшінші іріктеу кезеңінде Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Словакияның "Слован" және Босния мен Герцеговинаның "Зриньски" командалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Бұл жеңіс – тарихи жетістік: алматылық "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Фото: "Қайрат" ФК