Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тарих жасады: Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енгізілді

Спорт
Тарих жасады: Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енгізілді
Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Алғаш рет қазақстандық боксшы осындай жоғары мәртебеге ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Геннадий Головкиннің әуесқой мансабы орта салмақтағы ең табысты спортшылардың бірі саналады. Себебі 350 жекпе-жек өткізіп, 345 жеңіске жетіп және Қазақстан құрамасында көп жыл көшбасшы болды.

Кәсіпқойлар арасында ол XXI ғасырдың үстем чемпионына айналды. Мәселен ол 45 жекпе-жек өткізіп, оның 37-сінде нокаутпен жеңіске жетті. WBA, WBC, IBF, IBO және The Ring белбеулерінің иегері болды.

23 нокауттан тұратын сериясы, 21 мәрте титулдарын сәтті қорғауы және 90 пайыздан асатын мерзімінен бұрынғы жеңіс көрсеткіші оның заманауи бокстың ең ұлы спортшыларының бірі ретіндегі мәртебесін бекітті.

Бүгінде Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетін және World Boxing федерациясын басқарады. Ол – халықаралық спорт ұйымын басқаратын алғашқы қазақстандық.

Айта кетейік, Халықаралық бокс Даңқ залы — бұл спортқа айрықша үлес қосқан адамдарды ұлықтауға арналған даңқ залы мен мұражай.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу