Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.

Сұлу Бөлек

  • 16.04.2025

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Бұл — тарихымызға тағзым, ерлік пен елдікке құрмет білдіретін маңызды кезең. Мерейтой аясында Ұлытау облысында облыс әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков бекіткен кешенді жоспар әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Мерейтойлық іс-шаралар «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атауымен іске асуда. Жоспар 48 тармақтан тұрып, 200-ден астам ұйымдастырушылық, патриоттық, мәдени, әлеуметтік және ақпараттық бағыттағы іс-шараларды қамтиды.
Басты бағыттар: ұйымдастыру-дайындық жұмыстары, 7–9 мамыр аралығындағы мерекелік іс-шаралар, әскери-патриоттық акциялар, мәдени және спорттық бағдарламалар, ғылыми-танымдық жобалар мен ақпараттық-имидждік жұмыс.

Бүгінде облыс бойынша 394 тыл еңбеккері бар. Олардың арасында Жезқазғанда – 178, Сәтбаевта – 145, Қаражалда – 16, Жаңаарқада – 33, Ұлытауда – 22 адам тұрады. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін қолдау – басты назарда. Біржолғы әлеуметтік көмек ретінде тыл еңбеккерлеріне – 100 000 теңге (394 адам), жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға – 100 000 теңге (3 адам), соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 50 000 теңге (22 адам) беріледі.

Жыл бойы ардагерлерге медициналық тексерулер, үй жағдайында емдеу, дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, азық-түлік себеттері үлестіріліп, патронаттық жұмыстар қолға алынған.

Мерейтой аясында «Ардағым – ардагерім», «Менің атам – жауынгер» сынды челлендждер ұйымдастырылып, 1000-нан астам жас атсалысып жатыр. Алғаш рет «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жарысы өтуде. Оған облыстағы мектептер мен колледждер белсене қатысып жатыр. Сонымен қатар, 800 жас сарбазды әскерге шығарып салу рәсімі де Жеңіс мерейтойына арналмақ.

Облыстың барлық мәдениет мекемелерінде ардагерлерге тағзым ету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында жүздеген іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Мәңгілік ұлықталар Ұлы Жеңіс!» атты фотоқұжат көрмесі, «Ғибратты ғұмыр» еске алу кеші, «Ерлікке өрілген өмір» тағзым кештері, «Ер есімі – ел есінде» музейлік акциясы және оқушылар арасында драма фестивалі өтті.

Жезді музейінде «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» тақырыбында көрмелер, «Менің атам – майдангер» атты онлайн бейнежобалар, «Біздің батыр жерлестер» көрмесі және облыстық әмбебап кітапханада тағзым кештері ұйымдастырылды.

«Жас сарбаз» жарысынан бөлек, «БиАрт» ұлттық би фестивалі, әжелер ансамблінің байқауы, патриоттық әндер байқауы, «Жаралы гүлдер» спектаклі, мүшәйралар мен театрландырылған қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Жастар арасында патриоттық бағыттағы флешмобтар мен челлендждер де әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр.

6–9 мамыр аралығында облыста негізгі мерекелік шаралар өтеді. 9 мамырда облыс орталығында «Мәңгілік алау» жанында жылжымалы көрме, «Жеңіс жалауын желбіретіп…» театрландырылған қойылым, «Журавли» әніне хореографиялық композиция, гүл шоқтарын қою рәсімі, далалық асхана, мерекелік концерт және отшашу ұйымдастырылады. Барлық ардагерлерге «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медальдары табысталады. Сонымен қатар, 7 мамырда өтетін республикалық парадқа Ұлытау облысынан тыл еңбеккерлері, Ауған соғысы және Чернобыль апатына қатысушылардан құралған делегация аттанады.

Жеңіс ескерткіштері мен мемориалдарға жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Таңбалы тас» саябағындағы монумент, Жезді, Қарсақпай, Сарысу елді мекендері мен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы ескерткіштер жаңартылып жатыр.

Облыс аумағында 50-ден астам баннер орнатылып, 30-ға жуығы ілінді. Жергілікті арналарда 50-ден астам бейнеролик пен арнайы хабарлар көрсетілді. «Ұлытау ТВ» мен «Ақшам ТВ» арналары 20-дан астам арнайы бағдарлама әзірледі.

Қорытындысында, бұл мерейтой – тек тарихи дата емес, елдік рухтың, ұрпақтар сабақтастығының, батыр бабаларға деген құрметтің көрінісі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты түрде атап өту – баршамыздың ортақ парызымыз.

Фото: Ұлытау әкімдігі ұсынған сурет 

Байланысты жаналықтар

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

18.04.2025

Қазақстанда ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер бар?

16.04.2025

Ұлытауда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Кеңесінің отырысы өтті

15.04.2025

Ұлытау облысында "Жасыл ел – 2025" бағдарламасы аясында 700-дей жас жұмыспен қамтылады

09.04.2025

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

07.04.2025

Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады

06.04.2025
MalimBlocks
Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

17 сәуірде Жезқазған қаласында "Ұлттық киім – ұлт бейнесі" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киім үлгілерінің фестивалі табысты өтті

Қазақстанда ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері айтты

Ұлытауда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Кеңесінің отырысы өтті

Ұлытау облысында "Жасыл ел – 2025" бағдарламасы аясында 700-дей жас жұмыспен қамтылады

Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жұмысы арнайы бекітілген техникалық ерекшеліктерге сәйкес ұйымдастырылып жатыр

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

Кеңестің төрағасы болып Ербол Қайырбеков тағайындалды.

Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады