457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

17 сәуірде Жезқазған қаласында "Ұлттық киім – ұлт бейнесі" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киім үлгілерінің фестивалі табысты өтті

17 сәуірде Жезқазған қаласында "Ұлттық киім – ұлт бейнесі" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киім үлгілерінің фестивалі табысты өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі saigez.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауқымды мәдени шара қазақ халқының бай киім мәдениетін жаңғырту, оны заманауи сәнмен үндестіре отырып ұлт болмысының бейнесін насихаттауға бағытталды.

Фестиваль аясында ұлттық киімнің халқымыздың рухани-мәдени құндылықтарын айшықтап, дәстүр мен дінді үйлестіретін рөліне ерекше назар аударылды. Ұлттық киім – ұлттың өзіндік болмысы мен салт-санасын дәріптейтін символ ретінде, теріс діни ағымдардың ықпалына қарсы қоғамда иммунитет қалыптастыру құралы бола алатыны ерекше атап өтілді.

Салтанатты ашылу барысында:
    •    Ұлттық нақышпен безендірілген сахна мен киімдер көрмесі ұйымдастырылды;
    •    Танымал отандық дизайнерлердің топтамалары жұрт назарына ұсынылды;
    •    Халықаралық деңгейдегі Aida KaumeNOVA сән үйінің топтамасы көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды.

Құрметті қонақтар қатарында:
    •    Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова
    •    Қоғам қайраткері, белгілі тележурналист Дана Нұржігіт
    •    Астана қаласындағы “Ырыскелді қажы” мешітінің бас имамы, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы
    •    Алматы қаласынан арнайы шақырылған дизайнерлер Мадина Бектай мен Бекбатыр Гүлнұр болды.

Қонақтар өз сөздерінде ұлттық киім – тек сән элементі емес, ұлттың рухани-мәдени тамырының көрінісі екенін атап өтті. Олар мұндай бастамалар жастардың діни сауаттылығын арттырып, жат идеологиялардан қорғауға сеп болатынын жеткізді.

Фестиваль бағдарламасы аясында:
    •    Заманауи үлгідегі ұлттық киімдердің дефилесі ұйымдастырылды;
    •    Дизайнерлердің шығармашылығы мен шеберлігі таныстырылды;
    •    Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді ұлықтаған сахналық қойылымдар ұсынылды;
    •    Қолөнершілер жәрмеңкесі өтті;
    •    Қонақтар мен қатысушылар марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, фестивальде ұсынылған ұлттық киім топтамалары 2025 жылдың 18 сәуірде Жезқазған қаласындағы “ПЛАЗА” сауда үйінде сатылымға шығарылады. Бұл – ұлттық киімнің күнделікті өмірге енуіне жасалған нақты қадам.

Фото: saigez.kz