“Яндекс.Таксидегі“ баға өзгеруі мүмкін

Сұлу Бөлек

  • 29.04.2025

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс Такси" компаниясының баға қою тиімділігіне аудит жүргізді. Аудиттен өту міндеті "Яндекс Таксиге" монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Аудиттің мақсаты қандай?

Аудиттің мақсаты — Яндекс Сервисін, оның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болды.

Атап айтқанда, жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттері зерттелді, сонымен бірге әуежай аймақтары мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, сондай-ақ операциялық процестер қарастырылды.

Аудиттің бастапқы қорытындылары бойынша баға белгілеу жүйесінде бірқатар тәуекел анықталды. Кейбір тәуекелдер жойылды, ал қалғандары бойынша Яндекс оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады.

Осылайша, Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгертілді, нәтижесінде Яндекс осы бағдарлама бойынша барлық шығындарды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алды.

Қандай өзгерістер енгізілді?

Яндекс қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізді:

  • - такси тарифтерінің және жол жүрудің базалық құнының қымбаттайтыны туралы Агенттікке 3 күн бұрын хабарлау;
  • - әуежай маңындағы кейбір тұрғын аймақтарды әуежай тарифтік аймағынан алып тастау (1 апта ішінде);
  • - жол жүрудің базалық құнынан екі есе асатын сомадан комиссия ұстамау (бұл жүргізушілердің табысын арттыруға ықпал етеді);
  • - "Эконом" тарифіндегі комиссияны әр қалада екі жылда бір реттен жиі көтермеу (бұл ең сұранысқа ие тариф);
  •  - максимал сұраныс жағдайында тарифті үш еседен артық көтеруді шектеу (мысалы, ауа райы қолайсыз күндері немесе мереке күндері, мұндай сапарлар әр тоқсанда әр қалада барлық сапарлардың 5%-ынан аспауы керек, бұл талап нақты көрсетілген);
  • - сұранысы төмен аймақтар үшін тариф құрамындағы қосымша төлем компонентін пайдаланушы қосымшасында түсінікті көрсету;
  • - 2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей пайдаланушыларға сапар бағасының толық құрылымын қосымшада көрсету;
  • - техникалық қолдау сапасын арттыру, атап айтқанда, пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу алгоритмін оңтайландыру.

Бұдан бөлек, Яндекс Такси пайдаланушыларды такси қызметтеріне сұраныс деңгейі туралы хабардар ету шараларын жақсартпақ. Атап айтқанда, "Эконом" тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы, ауа райының қолайсыздығы кезінде) сынақ режимінде виртуал кезек жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адамның такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.

Яндекс Такси антимонополиялық комплаенс аясындағы міндеттемелерінің орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында. Оның құрамына кәсіби қауымдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді.

Үкіметке жеке кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимі бойынша салықтық есептілікті жеңілдетуге қатысты заңнамалық түзетулерді жедел енгізу жөнінде ұсыныстар жолданды. Бұл өзгерістер такси жүргізушілерінің табысын арттыруға ықпал етеді.

Фото: pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

25.04.2025

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

23.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

08.04.2025

Сәтбаев делегациясы Саран қаласының тәжірибесін зерттеді

04.04.2025

Қаныш Сәтбаевтың есімін ұмыттыруға кімдер тырысты? Зерттеуші тың деректерді ұсынды

20.03.2025
MalimBlocks
Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

Ербол Мырзабосынов жаңа жоба қолға алынғанын алға тартты.

Сәтбаев делегациясы Саран қаласының тәжірибесін зерттеді

Сәуірдің басында Сәтбаев қаласы әкімдігінің қызметкерлері жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Қаныш Сәтбаевтың есімін ұмыттыруға кімдер тырысты? Зерттеуші тың деректерді ұсынды