Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысы аумағын әуеден қарау барысында ТЖМ-ге су тасқынының шарықтау шегінен өткен аудандардан жеке құрам мен техниканы Атырау облысының шекарасына дейінгі Жайық өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерге көшіруді тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қазіргі уақытта Орынбордан Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалады. Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданының Озерное, Рубежинское және Январцево ауылдарында судың келуі төмендеп келеді.

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр. Десе де Оралдағы жағдай әлі де күрделі. Қауіп сейілгенше қалада ТЖМ мен Қорғаныс министрлігіне қарасты 6 мыңнан астам адам болады, оның ішінде еліміздің өзге өңірлерінен келгендер де бар. Тағы 200 әскери қызметкер келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің маңғыстаулық 100 қызметкері үш ауысымда Шаған өзенінің бойындағы Мичурино ауылының айналасын нығайтып жатыр. Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан келген ондаған сарбаздар мен құтқарушылар басқа ықшам аудандарда бөгет салуда, - делінген хабарламада.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынына қарсы шараларға атсалысқандардың барлығына алғысын білдіріп, көмекке келгендерге барлық қажетті жағдайды жасауды тапсырды.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады