457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҚО-да тұрғындарды үй алуға көмектесемін деп алдаған күдікті ұсталды

БҚО-да ипотекамен тұрғын үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап келген 34 жастағы күдікті әйелді ұстады.

"Ол бұған дейін банк саласында жұмыс істеген және тұрғындарға ипотекалық несие рәсімдеуге, тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, олардың ақшасын иемденген деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдіктіге қатысты алаяқтықтың 12 дерегі анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген жалпы материалдық залалдың көлемі 50 миллион теңгеден асады.

Фото: istockphoto.com