457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

1,3 млн теңге: алаяқтар құрбаны бола жаздаған ер адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ер адамды алаяқтардың құрбаны болудан құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын алу рейді кезінде тәртіп сақшылары сауда орталығындағы төлем терминалында телефонмен сөйлесіп, асығыс әрекет етіп тұрған ер адамды байқайды. Күмән туындаған соң, олар әңгімеге араласып, телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертті.

Алайда ер адам ақшаны аударуға табанды болған. Тіпті өзін “Тамара” деп таныстырған әйел, кейінірек “қызы” мен “ұлы” да телефонға қосылып, оны полиция кеңесін тыңдамауға көндірген. Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы қылмыскерлер ер адамға қоңырау шалып, өздерін полицей ретінде таныстырып, жинақтарының қауіпте екенін айтқан. Олар қаражатты “қауіпсіз шотқа” аударуды талап еткен.

Полицейлердің дер кезінде араласуының арқасында 1,3 миллион теңге алаяқтарға аударылмай қалды.

Құқық қорғау органдары атап өткендей, мұндай қылмыстар көбіне зейнеткерлерді нысанаға алады. Сондықтан облыста полиция және күзет қызметі банкоматтар мен халық көп шоғырланған орындарда тұрақты алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Полиция азаматтарды ескертеді: нағыз тәртіп сақшылары ешқашан ақша аударуды талап етпейді. Күмәнді қоңырау кезінде бірден 102 нөміріне хабарласу қажет.
Фото: polisia.kz