457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жасанды интеллект адам өлтіру тәсілдерін де меңгере алады – сарапшы

Технологиялық сарапшылар жасанды интеллекттің (ЖИ) қауіпін тағы да ескертуде –  егер бұл жүйелер қолайсыз ниетті тұлғалардың қолына түссе, зияны айтарлықтай өседі, деп хабарлайды Malim.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Google-дің бұрынғы бас директоры Эрик Шмидт қазіргі уақытта жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын бақылауға немесе таратпауға арналған тиімді халықаралық жүйе жоқ екенін айтады. Оның пікірінше, дәл осы реттеу тетігінің болмауы ЖИ саласындағы қауіптің күшеюіне әкеліп отыр.

Сонымен қатар, Шмидт ЖИ-ды тек қауіп көзі ретінде емес, адамзат өркениетінің жаңа кезеңін бастаған құбылыс деп бағалайды. Ол кезінде дипломат әрі саясаткер Генри Киссинджермен бірге жазған еңбегіне сүйене отырып:

«Бұл – адамзат тарихындағы ең үлкен оқиға. Біз өзімізге ұқсамайтын, бірақ белгілі бір дәрежеде бақыланатын бөтен ақылмен бетпе-бет келдік. Уақыт өте келе бұл жүйелердің мүмкіндігі адамнан асып түседі», – дейді ол.

Шмидттің пікірінше, ChatGPT платформасының небәрі бірнеше ай ішінде 100 миллион қолданушы жинауы – жасанды интеллекттің әлеуетін айқын көрсететін факт. Сондықтан ол «ЖИ артық бағаланып отыр» деген пікірмен келіспейді. Керісінше, беделді сарапшының айтуынша, қоғам бұл технологияның салмағын, әсерін және болашақтағы орнын толық бағаламай отыр.

Маманның пайымынша, жасанды интеллект адамзаттың барлық саласына – білім, денсаулық, өнеркәсіп, тіпті саясатқа дейін – түбегейлі әсер етеді. Алайда оны бақылаусыз дамыту технологияның өзіне ғана емес, бүкіл өркениетке қауіп төндіруі мүмкін.

Фото: freepik.com