Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Палестина Қатардың «Әл-Жазира» телеарнасының хабар таратуын тоқтатты

Әлем
Палестина Қатардың «Әл-Жазира» телеарнасының хабар таратуын тоқтатты

Палестина билігі басып алынған Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қатарлық «Әл-Жазира» телеарнасының хабар таратуы мен қызметін тоқтатты. Бұл туралы CNN жазды.  


Телеарна «алаңдаушылық тудыратын және Палестинаның ішкі істеріне араласатын арандатушы материалдарды» және «жаңа хабарларды» таратқаны үшін айыпталған. Бұл туралы сәрсенбі күні Палестинаның Wafa ресми ақпарат агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ, «Әл-Жазираның» құқықтық мәртебесі түзетілмейінше, арнаның қызметі қалпына келтірілмейтіні аталып өтті.

Өз кезегінде арна бұл шешімді айыптап, оны «басып алынған аумақтардағы, әсіресе Дженин қаласы мен онда орналасқан лагерьдегі оқиғалар туралы шындықты жасыру әрекеті» деп атады.

— Жабу туралы шешім Палестина билігі демеушілік ететін ұйымдардың біздің журналистерге қарсы арандату және қорқыту науқанынан кейін қабылданды, - делінген Al Jazeera мәлімдемесінде.

Телеарна биліктен өз шешімін өзгертуді және түсіру тобына елдегі оқиғаларды көрсетуді жалғастыруға рұқсат беруді талап етті.

Фото: martebe.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу