А. Балаева: Президент алдымызға жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру міндетін қойып отыр

Malim Админ

  • 26.12.2023

Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірқатар жүйелі шаралар қабылдауда. Олардың қатарында дамудың институционалдық негіздерін құру, өзара іс-қимылдың диалогтық форматын құру, үкіметтік емес сектор мен волонтерлер қоғамдастығын өзекті мәселелерді шешуге тарту жүйесін жетілдіру бар.

         Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында баяндады.

«Бірінші бағыт бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа Заң және оған ілеспе Заң қабылданды. Олар қоғаммен қатар талқыланып, сарапталып дайындалды. Заңдарда субъектілер мен объектілердің базалық қағидалары мен қағидаттары, құқықтары мен міндеттері, қоғамдық бақылау нысандары айқындалған. Алғаш рет заңнамалық деңгейде петициялар институты енгізілді. Оған қоса 21 желтоқсанда азаматтардың бірлестіктер құрудағы еркіндік құқықтарын кеңейтуге бағытталған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңына қол қойылды»,- деді министр.

Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Олардың құрамындағы азаматтық сектордың өкілдігі 23,5%-ға өсіп, 86%-ды құрап отыр. Кеңестердегі жастардың үлесі 10%-ға дейін өсті.

Министрлік волонтерлер қозғалысын белсенді дамытуда. 2020 жылдан бастап республикалық және өңірлік фронт-офистер жұмыс істейді. Ауқымды жұмыс нәтижесінде волонтерлер ұйымдарының саны 3 есеге, белсенді волонтерлер саны – 5 есе артты.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың әртүрлі диалогтық форматтары қамтамасыз етілуде.

«Осындай алаңдардың бірі – 2023 жылдан бері жүйелі негізде жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның Азаматтық форумының платформасы. Маңызды диалог алаңы – Ұлттық құрылтай. Құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, «Әділетті Қазақстан» құру, сондай-ақ «Адал азамат» қалыптастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы міндеттерді шешу үшін біз жұмыс істеп жатырмыз», - деп түйіндеді министр.

Байланысты жаналықтар

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025
MalimBlocks
"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады