Африкада паспорты тәркіленген қазақстандықтар елге қайтарылды

Malim Админ

  • 11.03.2024

Африкада паспорты тәркіленген қазақстандықтар елге қайтарылған. Бұл туралы inform.kz жазды.  

«Осыдан бірнеше апта бұрын Нигер астанасы Ниамейде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды деген ақпарат түсті. Қазақстанның Мысырдағы консулымыз дереу сол қалаға ұшып барды. Ол Нигердің Сыртқы істер және ішкі істер министрліктерінің, Қарулы Күштері бас штабының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында Қазақстан тарапы «Біздің азаматтарды дереу жіберу, паспорттарын қайтарсын» деп талап қойған. Әрине, ол елге қандай мақсатта барғанын, не үшін паспорт алғанын не сол елдің билігі, не біздің азаматтар түсінбеген. Бірақ осыған қарамастан Қазақстан ресми түрде сол елдің билігіне нота жіберді», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы брифингте. 

Оның сөзінше,  істің реттелуіне аталмыш елдің сыртқы істер ведомствосы да атсалысқан.

«Нигер Сыртқы істер министрлігінің көмегімен біздің азаматтардың төлқұжаты қайтарылды. Биыл 26 ақпанда олар Қазақстанға оралды», - деді Айбек Смадияров.

 

Фото: ашық дереккөзден

Байланысты жаналықтар

Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

14.11.2024

Қазақстанда 12 мыңға жуық адам ұлтын ауыстырған

28.10.2024

Маймыл шешегі: Германияда жаңа штаммды жұқтырған адам анықтылды

23.10.2024

Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

18.10.2024

Сахараны су басып жатыр

10.10.2024

«Марбург Қазақстанда жоқ». Бас санитар қауіпті вирустың елімізде тіркелмегенін айтты

10.10.2024
MalimBlocks
Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Бұрын одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіленген еді

Қазақстанда 12 мыңға жуық адам ұлтын ауыстырған

Маймыл шешегі: Германияда жаңа штаммды жұқтырған адам анықтылды

Жаңа штамм бұрынғысына қарағанда аса жұқпалы болып саналады

Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

Бұл соңғы бір апатадағы дерек

Сахараны су басып жатыр

Табиғаттың тосын мінезінен Алжир мен Мароккода 20 адам көз жұмған

«Марбург Қазақстанда жоқ». Бас санитар қауіпті вирустың елімізде тіркелмегенін айтты

Дегенмен елге сырттан кіру жолдары бойынша ескертіп жатыр