457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан паспортына жаңа элемент қосылды

Қазақстан паспортына қар барысының бейнесіндегі сутаңба түріндегі жаңа қорғаныс элементі енгізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа қорғаныс белгісі құжат нөмірінің астына орналастырылған. Әленовтың айтуынша, бұл жаңашылдық төлқұжаттардың қолдан жасалуын болдырмауға және қазақстандықтардың дербес деректерінің қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан паспорты халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қазір ведомство қосымша қорғаныс деңгейлерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа қорғаныс элементі бар паспорттарының суреттерімен бөлісуде.

Фото: видеодан скрин