"Ағаділді қамауға негіз жоқ еді"

Елнұр Бақытқызы

  • 26.02.2020

Азаматтық белсенді Дулат АҒАДІЛДІҢ тергеу абақтысындағы қазасы азаматтық қоғамды сілкіндірді. Ағаділдің қазасын әділ тергеуді  кешелі бері талап етіп жүрген белсенділер бүгін де Алматыдағы қалалық прокуратура алдында бейбіт жиын өткізбек. Malim.kz осы бейбіт жиындардың басы-қасында жүрген азаматтық белсенді Әлнұр ІЛИЯШЕВПЕН әңгімелесті.

- Әлнұр, бас қаладағы тергеу изоляторында аяқ астынан қайтыс болған Дулат Ағаділдің қазасы жайлы не дейсіз, оны қалай қабылдадыңыз?

- Меніңше, Дулат Ағаділді қамауға алудың саяси астары бар. Билік оны 5 наурыз бен 19 наурыз күні бұрынғы президент Н.Назарбаевтың қатысуымен өтетін "Нұр Отан" жиындарының алдында әдейі қамады. Өйткені былтыр "Нұр Отан" жиындарымен қатар қарсылық акциялары өтті. Сөйтіп, Д.Ағаділ 5 наурыз бен 19 наурыздағы "Нұр Отан" іс шарасына кедергі келтіріп жүрмесін, наразылыққа шықпасын деген мақсатпен оның бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамады.

Дулат Ағаділді қамауға алудың негізі жоқ еді. Ол ешкімнен қашып, жасырынып жүрмеді. Конституциядағы құқығын пайдаланып, пікірін ашық айтып жүргені үшін осындай жағдайға тап болды.

- Кеше Алматы қалалық полиция департаментінің алдында, бүгін қалалық прокуратура алдында бейбіт жиын өткізіп жатырыздар. Талаптарыңыз қандай?

- Біздің талап сол, 22 ақпан күні бейбіт жиынға шыққаны үшін немесе шықпақ болғаны үшін ұсталғандарды босатсын. Алматыда кемінде 18 адам әкімшілік қамауға алынды. Сосын, Макс Боқаев, Мұхтар Жәкішев, Арон Атабек, тағы басқа саяси тұтқындарды босатсын. Түрмеде саяси тұтқындар неғұрлым көп болса, олардың қаза табу ықтималдығы соғұрлым жоғары.

Әлбетте, біз Дулат Ағаділ қазасын әділ тергеуді талап етеміз. Тергеу ашық өтсін, оған қоғам өкілдері қатыстырылсын.

- Кеше де, бүгін де өткізіп жатқан бейбіт жиын рұқсат етілмеген. Ескерту берілмеді ме?

- Бізге бейбіт жиындарға рұқсат сұраған күннің өзінде рұқсат етпейтінін білеміз ғой. Кеше полиция департаменті алдына жиналдық, өйткені Д.Ағаділ соларға тиесілі мекемеде қайтыс болды. Сол үшін полиция алдына бардық. Қалаған мекеменің алдында наразылық шарасын өткізуге құқығымыз бар. Бұл - бір. Екіншіден, Қазақстан конституциясы мен еліміз мақұлдаған адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактіге сәйкес, бейбіт жиын үшін рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Ол заңдар жоғары, сондықтан біз соларды басшылыққа аламыз, әкімдіктен рұқсат сұрамаймыз.

Кеше полиция департаментіне барып, әкімшілік қамаудағыларды босатуды талап еткенде, алдымызға келген полиция өкілі "оларды босата алмаймыз" деді. "Онда бізді неге ұстамайсыңдар, біз де олар сияқты бейбіт жиында пікірімізді білдіріп тұрмыз" дедік. "Қамауға алынғандар өтінішті өздері түсіруі керек" деді. "Бірақ сіздер Ж.МАМАЙДЫ үш тәулікке қамауға алып, екі тәуліктен кейін өздеріңіз жібере салдыңыздар ғой. Мамай өзі ештеңе жазған жоқ. Сот шешіміне прокуратура қарсылық білдірді. Олай болса, сіздерде адамдарды босатудың механизмі бар, соны пайдаланып шығарыңыздар" дедік. "Ол біз емес, Қарасай ауданындағы прокуратура ғой" деп қарап тұр. "Қарасай ауданы прокуратурасына хабарласып, әлгі құжатты алдыртып, фамилияларды ауыстырып жаза салыңыздар, түн ортасында адамды үйінен әкетіп, соттауға барсыздар да, босатуға жоқсыздар" дедім.

- Дулат Ағаділдің қазасынан кейін әртүрлі азаматтық қозғалыстар мен белсенділер мәлімдеме жасады. Бірақ бейбіт шараға ондаған адам ғана жиналды. Араларыңыздан "Демпартия", "Oyan, Qazaqstan" өкілдерін көп байқай қоймадық. Белсендінің қазасы түрлі күштерді неге біріктіре алмады?

- Бұл аяқасты болған митинг. Басқа күштермен салыстырғанда, біздің тәжірибеміз бар, біз тез жинала қоямыз. Біз дегенде мүдделес бес-алты адамды айтып тұрмын. Бізбен бірге кеше тіркелмеген "Көше" партиясы жүрді. Олар да тез жиналып бірігеді. "Демпартияның" бірді-екілі адамы келді. Тәуелсіз бақылаушылардың өкілдері келді. Меніңше, бұл - бәрімізге ортақ проблема, біріктіруші фактор. Алдағы күндері басымыз бірігіп қалар.

Фото: Дмитрий Каратеев, informburo.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

25.05.2023

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

24.05.2023

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

22.05.2023

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

19.05.2023
MalimBlocks
Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

Айдос Мелдехан бұл әрекетті өзіне жасалған қысым деп есептейді. Себебі ол қызының өлімін халықаралық дәрежеде тергеуді талап етіп келеді.

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

Алматинский районный суд № 2 города Астаны рассматривает уголовное дело 38-летнего жителя столицы Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни.

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

Наурыз айында таулы шекара арқылы Қырғызстанға із суытқан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты Бішкекте тергеу басталды. 

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

Саясат Нұрбекке тікелей қатысы бар үш адам отыруы заңға қаншалықты сай?