Алексей Гаринов: «Мен украин халқы мен соғыста өлген отандастарымнан кешірім сұраймын»

Менің кінәм мен жауапкершілігімді соғысты ұйымдастырушылар, қатысушылар, жақтаушылар, сондай-ақ бейбітшілікті жақтаушыларды қудалаушылар да арқалауын қалаймын.

Аялдар Күнтуған

  • 29.11.2024

                           Фото: ВВС

Мәскеудің 2-ші Батыс округтік әскери соты бұрынғы Мәскеу қалалық депутаты Алексей Гориновты терроризмді ақтады деп айыптап, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл айып саясаткерге Ресей әскері туралы «жалған ақпарат тарату» ісі бойынша колонияда жазасын өтеп жатқан кезде тағылды. Бұл жөнінде ВВС сайты жазды.

Горинов жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады, деп хабарлайды Mediazona тілшісі сот залынан.

Прокурор Гориновты 3,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, бұрынғы үкімді ескере отырып, жаңа үкім заңды күшіне енгеннен кейін тағы бес жыл өтеуді талап етті.

2022 жылдың жазында Горинов Мәскеудің Красносельск ауданы депутаттарының жиналысында соғысқа қарсы сөйлеген сөзіне байланысты Ресей армиясы туралы «жалған» ақпарат таратты деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін бұл мерзім бір айға қысқартылды.

Саясаткер Ресей Украинаға жаппай басып кіргеннен кейін көп ұзамай Қылмыстық кодексте пайда болған «Ресей әскері туралы жалған ақпарат тарату » бабы бойынша түрме жазасына кесілген алғашқы адам болды.

Өткен жылдың күзінде Гориновқа қатысты тағы бір іс – «терроризмді ақтау» туралы қозғалғаны белгілі болды. Сот оны 27 қарашада қарай бастады.

Горинов соңғы сөзінде Украинадағы соғысты тоқтату қажеттігін тағы да қайталады. Бұл судьяның шамына тиді. Ол депутаттың сөзін бірнеше рет бөліп, содан кейін үзіліс жариялап, сотталушы «баяғы сөзін қайталады» деп залдан шығып кетті.

Алайда Гаринов: «Менің кінәм – өз елімнің азаматы ретінде бұл соғысқа рұқсат беріп, оны тоқтата алмадым. Мұны үкім шығарар кезде ескеруіңізді өтінемін. Бірақ менің кінәм мен жауапкершілігімді соғысты ұйымдастырушылар, қатысушылар, жақтаушылар, сондай-ақ бейбітшілікті жақтаушыларды қудалаушылар да арқалауын қалаймын. Мен бір күні солай болады деген үмітпен өмір сүремін», – деп өз сөзін судья болмаса да жалғастыра берді.

«Осы арада мен Украина тұрғындары мен соғыстан зардап шеккен отандастарымнан кешірім сұраймын», – деді саясаткер.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады