Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметке тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін энергетика министрі болған.

Malim Админ

  • 18.03.2025

Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Алмасадам Сәтқалиев туралы не белгілі? 

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы 1970 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті. (1992 ж.).  Мамандығы-Механика

Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2013 ж.), экономика магистрі

Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2015 ж.), Басқарушы кадрлар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі

Стэнфорд Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2016 ж.), Басқарушы кадрлар бағдарламасы

Мансабы: 

1992 – 1997 жж. - «ТаССаТ» ЖШС директоры

1997 – 2001 жж. - «Қазтрансойл» ЖАҚ Жобаларды басқару департаментінің бастығы

2001 – 2006 жж. - «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті

2006 – 2007 жж. - «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры

2007 ж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі

2007 – 2011 жж. - «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы

2011 – 2012 жж. - «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры

2012 – 2018 жж. - «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы

2018 ж. - «KAZENERGY» ЗТБ төрағасының орынбасары

2018 – 2021 жж. - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры

2021 – 2023 жж. - АҚ «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы 

2023 жылғы  4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

Фото: egov.kz

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Еліміздегі кеден бекеттеріне «қызыл түйме» орнатылып жатыр

06.05.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

12.04.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Еліміздегі кеден бекеттеріне «қызыл түйме» орнатылып жатыр

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті, оның Біріккен күрес әлемі бюросындағы қызметі аяқталды