Әлнұр Мұсаев: Трамп Ресейдің бұрынғы агенті екенін дәлелдеді

Malim Админ

  • 03.03.2025

Генерал-майор, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев АҚШ президенті Дональд Трамп туралы тағы да жазды. Ол бұған дейін Дональд Трампты КСРО агенті болған деп жазған болатын.

Соңғы постында ол Трамп Ресейге адал екенін дәлелдеп, Путинмен ашық одақтасты. Екеуі ортақ тандем құрды. Өйткені, ол бұрынғы агент екенін ұмытқан жоқ деген сыңайда байлам жасап отыр. Әлнұр Мұсаев қазір шетелде тұрады. Ол кезінде Рахат Әлиевпен байланысы бар деп айыпталған болатын.
Мұсаевтың жазбасы:

Дональд Трамптың КГБ-ФСБ-ның агенті болғаны және жылдар бойы олармен жұмыс істегені туралы ақпарат көптеген дереккөздер арқылы расталады. Сарапшылар дилетанттардың "Красновтың" тыңшылық құжаттарын көрсету талаптарын және "Қандай дәлелдеріңіз бар?" деп айқайлағандарын түсініп отыр. Ондай орынсыз байбалам бола береді. 

АҚШ-тың Ресейге қарсы әрекетін тоқтату үшін «Краснов» өзінің резидентурасымен және Путин басқарып отырған Ресейдің ұйымдасқан қылмыстық тобымен бірігіп іске асыруға талпыныстары таңғалдырады.

Агент "Краснов" алғашқы президенттік кезеңінде жіберген қателіктерін ескеріп, 2024 жылдың күзінде өткен сайлаудан кейін, Путиннің, ФСБ-ның, ресейлік және америкалық бизнестің қолдауымен, өзіне адал да мықты резидентура құрды. Ол СВР мен ФСБ агенттерін байланысқа алып, оларды АҚШ-тың Вице-президенті, Қорғаныс министрі және Разведка агенттігінің басшысы лауазымдарына тағайындады. Трамп өзіне адал проресейлік агенттерді жинап, оларды АҚШ үкіметіндегі негізгі лауазымдарға тағайындады. 

Бүгінгі таңда Трамп шын мәнінде "Краснов" резиденті екенін айғақтады және АҚШ-ты басқарып отыр, Еуроатлантикалық альянсты жоюға белшеше кірісті. Ол Путинмен бірге Еуропада ультраоңшыл және антиукраиндық партиялар мен режимдерді қолдайды, сондай-ақ Еуроодақпен экономикалық қақтығыстарға жол ашты. Қазірге дейін ол Путиннің агрессивті саясатын қолдап, бірқатар елдердің жеріне көз тігіп отыр. 

"Краснов" резиденті Республикалық партия ішінде өзіне адал МАГА фанаттарының қуатты қозғалысын құрды, олар Трамптың кез келген шешімін қолдап, оған ешқандай шектеусіз билік беруге дайын. Америкалық демократтар әзірге қарсы тұра алмай отыр. Бірақ АҚШ-та наразылықтың артып келе жатқанын байқап отырмыз. 

Ресей де өздерінің МАГА-сын құрып, Z-патриоттары пайда болды. Олар ұзақ уақыт бойы Трамптың өздерінің "жалпы мақсаттарына" адалдығына сенбеген еді, тіпті Путиннің америкалықтарға Ресейдің сирек металдарын ұсынғанын сынға алған. Алайда, доғал кабинеттегі даудан кейін, Украина Президентіне доқ кқрсеткеннен кейін Трамп оларға адалдығын дәлелдеді. Енді МАГА мен Z-патриоттары "мәңгі бауырлар". Путин-Трамп тандеміне қарсылық екі елде де әлсіреген. 

Тарих көрсеткендей, Путиншілдер мен Трампшылдардың саяси одағы  ұзақ жылдарға жалғасуы мүмкін. Сондықтан әлемдік қоғамдастыққа, ең алдымен Еуропаға, өздерінің әскери күштерін нығайту және бірігу қажет.

Фото: Уикипедия

Байланысты жаналықтар

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

Зеленский Рим Папасымен кездесті

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

Зеленский Рим Папасымен кездесті

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Зеленский Анкараға жетті