Әскери төңкеріс қауіпі: Ақиқат пен аңыз

Malim Админ

  • 02.03.2021

Армениядағы саяси  жағдай тағы да ушыға бастады. Таулы Қарабақ қақтығысындағы жеңілістен кейін басталған премьер-министр Никол Пашинян мен оппозиция арасындағы текетіреске енді әскерилер араласа бастады. Бұл әскери төңкеріске алып келмей ме? Тәуелсіз Армения тарихындағы әскерилердің рөлі қандай? Бүгін осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көруді жөн көрдік.

Қазір сарапшылар мен журанлистер арасында «Арменияда әскери төңкеріс болуы мүмкін» деген болжамдар қызу талқылануда. Оған Армения Қарулы күштері бас штабының премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуі себеп болды. (Ақпанның 25-і күні «премьер-министр мен үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп», бас штаб басшысы Оник Гаспарян үндеу жариялаған. Никол Пашинян Гаспарянның бұл әрекетін «әскери төңкеріс» деп бағалап, бас штаб басшысын қызметінен босатқан). Армения тарихында биліктің сайлау арқылы ауысуынан бастап, "барқыт революциясы", "барқыт төңкерісіне" дейін болды. Ашық текетірес пен қарсылық Армения қоғамдық-саяси өмірінің ажырамас бөлігі. Оған елде осы уақытқа дейін болған саяси оқиғалар дәлел.

Армения саяси өміріне әскерилердің араласуы таң қалатын дүние емес. Пашинянға дейін ел басқарған адамдардың барлығының күштік құрылымдарға қатысы бар. Бас штаб басшысы мәлімдемесінің артында осы дүние тұр.

Қазір Армения біріккен оппозициясының көшбасшысы Вазген Манукян. Ол елдің тұңғыш премьер-министрі, 1992-1993 жылдары Ұлттық қорғаныс министрі болған. Кеңес Одағы құлағаннан кейін Армения қарулы күштерінің қалыптасуына және бірінші Қарабақ соғысына тікелей араласқан. Оның біріккен оппозиция көшбасшысына айналуына биографиясының осы бір тұрсаты себеп болған. 2020 жылғы Қарабақ қақтығысы кезінде дәл осы Манукян Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, билікті әскерилердің қолына беруді ұсынған.

Жалпы, Тәуелсіз Арменияның қоғамдық-саяси өмірі Қарабақ қақтығысымен тікелей байланысты. Осыдан ба, жоқ әлде оның өзге де бір себептері бар ма, белгісіз, әйтеуір елге қашанда «қарулы лидер қажет». Екінші президент (1998-2008 жылдары елді басқарған) Роберт Кочарян Қарабақ соғысы кезінде қорғаныс мемлекеттік комитетін басқарған. Оның ізбасары Серж Саргсян президент болғанға дейін бірқатар күштік құрылымдарды басқарып, қорғаныс министрі қызметін атқарды. Өз замамында Арменияның тұңғыш президенті Левон Тер-Петросян күштік құрылымдардың қысымынан кейін отставкаға кеткен. Ол уақытта Серж Саргсян Ішкі істер министрі және Ұлттық қауіпсіздік басшысы болып тұрған. Тер-Петросянның отставкаға кетуіне де Қарабақ мәселесі себеп болған. Тер-Петросян Қарабақ мәселесін өзара келісімге келе отырып шешуді ұсынған.

Армения саясатындағы әскерилердің қатысуымен болған ең трагедиялық оқиға 1999 жылы болған. Осы жылы Армения парламентіне лаңкестік шабуыл жасалып, сол кездегі премьер-министр Вазген Саркисян мен Ұлттық кеңес сприкері Карен Демирчян қайтыс болған. Қайғылы оқиғадан кейін президент Роберт  Кочарян қорғаныс министрі Вагаршак Арутюнянның шенін төмендетіп, қызметінен босатқан. Бір қызы Арменияның қазіргі Қорғаныс министрі дәл осы Арутюнян. Ол бас штаб басшысындай емес, Пашинянды қолдап, әскерилерді саясатқа араластырмау қажет деген ұстанымда.

Никол Пашинян сөзсіз Армения тарихында Қарабақта ойсыра жеңілген басшысы ретінде қалады. Оны армян халқы кешірмесі анық. Бірақ алдағы уақытта Пашинянның қарсыластары жеңіп, билік басына барған күннің өзінде оларға да Қарабақ, Әзірбайжанмен арадағы жаңа шекараны демаркациялау, елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу керек болады. Бұл қазіргі Пашинян үкіметіне де, одан кейін келетін билікке де оңай болмасы анық...

Байланысты жаналықтар

Мәскеу Арменияға ескерту жасады

25.07.2024

Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Армениядан экстрадицияланды

05.07.2024

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан ұтылып қалды

12.06.2024

Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға қарсы ойнайтын құрамын жариялады

28.05.2024

Еревандағы наразылық: 67 адам ұсталды

27.05.2024

Әзербайжан-Армения шешілмеген мәселелер бойынша келіссөздерін жалғастырады

11.05.2024
MalimBlocks
Мәскеу Арменияға ескерту жасады

Кремль өкілі Ресейдің Армениямен қарым-қатынасты жалғастырып, оны дамыту үшін күш салуға дайын екенін атап өтті.

Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Армениядан экстрадицияланды

Ол жұрттың 167 млн теңгесін алып кеткен

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан ұтылып қалды

Ұлттық құрама екінші рет ойсырата жеңілді.

Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға қарсы ойнайтын құрамын жариялады

Құраманы екі жолдастық кездесу күтіп тұр.

Еревандағы наразылық: 67 адам ұсталды

Армениядағы наразылықтар 19 сәуірде Ереван мен Баку арасында Тавушпен шекараны делимитациялауды бастау туралы келісімге келгені белгілі болғаннан кейін басталған.

Әзербайжан-Армения шешілмеген мәселелер бойынша келіссөздерін жалғастырады

Екі елдің Сыртқы істер министрлері Алматыда кездесті