457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Иран "Трамп дәлізіне" маза бермейтінін мәлімдеді

Астана, malim.kz. Әзербайжан мен Армения Трамптың мұрындық болуымен бейбіт келісімге келген еді.

Келісімнің бірі - Әзербайжанның өзінен бөлініп тұрған эксклавы Нахчыванмен Армения арқылы еркін қатынасы болатын. Сол қатынас жолы осы келісім аясында "Трамп дәлізі" деп аталып кеткен.

Бұл Иранға ұнамайтын болып шықты. Иран көсемінің кеңесшісі Әли Ақбар Велаяти Иран өзінің шекарасына тақау жерде мұндай дәлізге жол бермейтінін мәлімдеді. "Мұндай дәліз Кавказдың оңтүтсігіне қауіп тудырады", - депті Велаяти ирандық Tasnim агенттігіне берген сұқбатында. Оның айтуынша, TRIPP ("Трамптың бейбітшілік пен гүлдену маршруты") деген атау алған бұл жоба Иранның сыртпен байланысына қатерлі.Сонымен бірге, бұл жол "Трамптың жандайшаптарының моласына" айналатынына уәде берді.

Фото: eurasiatoday.ru