«Астана LRT» құрылысына 20 млрд бөлінді

Malim Админ

  • 19.10.2022

Ел арасында «жемқорлыққа қойылған ескерткіш» аталып кеткен LRT құрылысы жалғасады.  Премьер-министр Әлихан Смайылов құрылысты жалғастыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінгенін айтты.  

«Біз бұл жобаның алдағы тағдыры туралы көп талқыладық. Осы жобаны одан әрі дамытудың әртүрлі схемаларын, әртүрлі нұсқаларын зерттей келе, халықаралық сарапшылардың пікірін ескеріп, жобаны жалғастырып, оны біршама оңтайландырылған түрде аяқтаймыз деген шешімге келдік», - деді Смайылов.

Смайылов жобаны аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлінеді деп отыр.   LRT жобасына  ақшаны әкімдік бөледі  және толықтай жұмыстарымен айналысады.  «Біз бұл қаражатты жұмыстың дұрыс атқарылып жатқанын тексере отырып кезең-кезеңімен бөліп отырамыз», - деді Премьер-министр.

Премьер-министр тапсырма бергеннен кейін бе, қала әкімі Көлгінов тапсырмадан бас тарта алмай қалған секілді.  Естеріңізде болса, былтыр Астана әкімі бұл «бетон конструкциялар қаланың көркін кетіріп тұрғаны рас» деген болатын. Тіпті Айдын Рахымбаев оны бұзуды да мойынына алған еді.   

2013 жылы экс- президент  Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеген. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді.

Ұзақ жылдан бері шу болған жобаға 2015-2019 жылдар аралығында бюджеттен 150 млрд теңге шығындалған. Оның 40,7 млрд − жерді алуға, 124 млрд − құрылыс келісімшартын жасауға, 31,4 млрд несиені жабуға жұмсалған. Соның өзінде жұмыстың бар-жоғы 17%-ы орындалған. «Астана LRT» 2016 жылдың қыркүйек айында құрылыс келісімшартынан бөлек, сырттан негізсіз қарыз алуға өтініш берген. Сол жылдың желтоқсан айында қаржы «Астана банкінің» шотына түскен. Осылайша, Қытай даму банкінен алынған 415,5 млн доллардың тек 86 млн ғана құрылысқа жұмсалған. 257,6 млн «Астана банкінің» салымына салынып, оны алу мүмкіндігі төмендеген» делінген Есеп комитетінің есебінде. Аудиторлардың «ақшаны алу мүмкіндігі төмендеген» деп отырғаны, 2018 жылы «Астана банкі» жабылып қалды да ақша банкте «күйіп» кеткен. Кейін «Проблемалы кредиттер қоры» қаражаттың тек 3,4 млрд теңгесін әзер қайтарып алғанын жариялады.

Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтқан. 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді