Әзірбайжан жұртшылығының қазақ өнеріне деген қызығушылығы өте жоғары

Malim Админ

  • 18.03.2023

Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездестім.

Күн тәртібінде мемлекеттер арасында мәдениет, спорт және туризм салаларындағы өзара ынтымақтастық тақырыбы болды.

Әзірбайжанда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу талқыланды. Биыл 25-28 сәуір аралығында Бакуде бірқатар іс-шараны, соның ішінде қазақстандық көрнекті орындаушылардың гала-концертін, Құрманғазы атындағы академиялық Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің концертін, біздің сәндік-қолданбалы өнеріміздің көрмесін және қазақстандық кино күндерін ұйымдастырғымыз келеді. Мемлекет басшысы Әзірбайжанмен мәдени байланыстарды нығайтуды тапсырды, сондықтан мұндай шаралар болашақта тұрақты болуы тиіс.

Әзірбайжан жұртшылығының қазақ өнеріне деген қызығушылығы өте жоғары. Атамогланов мырза Бакуде «Тұран» этно-ансамблі мен «Қазына» ұлттық би ансамблінің концерттерін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, бірлескен кинематографиялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқыладық. Өткен жылы Бакуде бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті, енді бірлескен фильмдерді түсіру және киноиндустрия саласындағы ынтымақтастықтың басқа да мүмкіндіктерін пысықтағымыз келеді.

Спорт саласы бойынша да сөйлестік. Мысалы, бірлескен жарыстар өткізу және Әзірбайжан спортшыларының қазақстандық турнирлерге қатысуы және біздің спортшылардың Әзірбайжанда өтетін жарыстарға баруын талқыладық.

Екі елді ортақ және өте тығыз тарих байланыстырады. Біз берік қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтатын боламыз. Бұл жұмыстар мәдениет күндерін өткізумен шектелмейді. Мысалы, биыл біз ТҮРКСОЙДЫҢ қамқорлығымен бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады