Бердібек Сапарбаев 70 жасында өмірден өтті 

Ол тәуелсіз Қазақстан тарихында  бес облысты басқарған жалғыз әкім

Malim Админ

  • 10.06.2023

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев қайтыс болдыБиыл 70 жасқа толған Бердібек Мәшбекұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. Ол тәуелсіз Қазақстан тарихында  бес облысты басқарған жалғыз әкім болып есте қалды. 

Б.Сапарбаев 1977 жылы Алматыдағы халық шаруашылығы институтын тәмамдағаннан кейін Қаржы министрлігінде еңбек етті. 1990 жылы Білім министрі орынбасары қызметін атқарып, кейін министрлер кабинетінің аппарат басшысы лауазымына дейінгі жолдан өтті. 1995-2002 жылдары аралығында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі қызметін атқарды. 

2002 жылы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі, 2007 жылдан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

2009 жылдан ШҚО әкімі, 2014 жылы Үкімет басшысының орынбасары, 2015 жылы Ақтөбе облысының әкімі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Үкімет басшысының орынбасары, Жамбыл облысының әкімі болып, 2022 жылдың сәуір айында зейнет демалысына шыққан.