Бірқатар министрліктің вице-министрлері тағайындалды

Үкімет қаулысымен бірнеше министрліктің вице-министрлері тағайындалды, - деп хабарлайды Malim.kz.
2024–2025 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарады.
Сонымен қатар, Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін осы ведомствода вице-министр болып еңбек етті.
Сондай-ақ, Үкімет қаулысымен Виктория Вильгельмовна Шегай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
Алматы әкімдігінде де ауыс-түйіс. Шаһар басшысы Дархан Сатыбалдының өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды.
Фото: Үкімет

Ең көп оқылған
