Бұған дейінгі сайлаулардың уақыты құпия болатын

Кезектен тыс президент сайлауына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі жарияланған соң бұқаралық ақпарат құралдарына осы мәселеге қатысты сарапшылар пікірлерін білдіре бастады.

  • 21.09.2022

Мәселен, baq.kz сайты Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев көршілердегі жағдайға назар аудара отырып, ішкі саясатты әңгіме етеді.

«Посткеңестік елдерде болып жатқан турбулентті жағдайлар жанама болсын бізге әсер етпей қоймайды. Көрші елдер қырғыз бен тәжік шекарасындағы ахуал, Қарақалпақ мәселесі, Украинадағы жағдай мен жалпы әлемдік геосаяси шарттардың тұрақсыздығын бәріміз көріп отырмыз. Мұндай жағдайда мемлекеттілікті нығайту мақсатында саяси институттарды қайта жаңғырту ерекше маңызды процестердің бірі. Саяси институттардың жаңаруы әлеуметтік, экономикалық реформаларды да тиімді жүргізуге жол ашады. Президент сайлауы жазда өткен Конституциялық реформаның да заңды жалғасы.

Президент 1 қыркүйекте сайлаудың күзде өтетіндігін, келесі жылдың алғашқы жарты жылдығында Парламент сайлауы болатындығын алдын-ала хабарлады. 

Бұл да бір ерекшелік. Барлық эксперттер, белсенділер мен қоғам өкілдерінің бір айға жуық уақыт жеткілікті деңгейде талқылауына, саясаткерлердің дайындалуына уақыты болды. Ал, келесі жылы өтетін Парламент сайлауына партиялар қазірден бастап дайындықты бастап кетуіне уақыты мол. Қалай дегенмен Қазақстанда саяси реформаларды кезең-кезеңімен іске асыратын прагматикалық жолдың негізі қалануда»  депті Бауыржан Серікбаев.

Ал оның әріптесі Қазақстанның қоғамдық даму институтының Талдау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің менеджері Жақсыбек Жиенәлиев былай дейді:

Биліктің негізгі институттары – Президент, Парламент, Мәжіліс, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына қатысты өтетін кезектен тыс сайлаудың уақытын алдын ала айту – еліміздің жаңа тарихындағы алғаш рет орын алып отырған жағдай. Бұған дейінгі дәстүр бойынша сайлау уақыты құпия сақталып келген. Ол туралы ақпаратты алу қиын болатын және қоғам мен халық тарапынан сайлау уақытын алдын ала неге хабарламайды деген сипаттағы түрлі наразылықтардың болғанын білеміз. Бұл жолы Президентіміз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сүйеніп, биліктің жария саясат ұстанып отырғанын көрсетті. Жалпы алғанда мұны билік пен қоғамның арасын жақындатуға бағытталған  тағы бір қадам деп қабылдасақ болады. Осы арқылы таза азаматтық қоғаммен немесе басқа да саяси ұйымдар мен мемлекет-билік арасындағы серіктестік қарым-қатынас қалыптасады деп ойлаймын. Жаңа бір саяси мәдениет қалыптасуы мүмкін.

 

Жақсыбек Жиенәлиевтің айтуынша, сайлауға азаматтар ықыласпен қатысады. Сондай-ақ, президент мерзімінің бір реттік болуы,   

7 жылмен шектелуі мемлекет басшысының қолына бар биліктің тізгінін беріп қоюға, монополия жасауына тосқауыл болады. Яғни, мерзімді шектеу халықтың сенімін арттырады. Сол арқылы дұрыс саяси жүйе құруға жол ашады. Нәтижесінде биліктің ауысуы мемлекет ісіндегі қалыпты жағдайға айналады екен.

Фото: http://www.aq-orda.kz/

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

17.03.2025

78 жаста қайдағы "Болашақ"?: Тоқаев оқу бағдарламасын сынға алды

15.03.2025

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

15.03.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берді

14.03.2025

Президент: фильмді кинотеатрға шығармас бұрын сүзгіден өткізу керек

14.03.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар

78 жаста қайдағы "Болашақ"?: Тоқаев оқу бағдарламасын сынға алды

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

Тоқаев Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берді

Президент: фильмді кинотеатрға шығармас бұрын сүзгіден өткізу керек