Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Бұл туралы Президент Жарлығы шықты

Мәди Саматұлы

  • 06.01.2025

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарлыққа сай ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ол 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Соңғы қызметтерінде:

2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған;

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған;

2019 жылғы наурыздан бастап Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болды;

2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

18.03.2025

Қанат Құлшыманов Президент Әкімшілігі Байланыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

11.03.2025

Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

13.02.2025

Жаңа Әділет министрі – Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев

09.01.2025

Азамат Есқараев Әділет министрі қызметінен босатылды

09.01.2025
MalimBlocks
Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды. Бұл туралы Ақордада мәлім болды