Кенесарының басын қайтар! Саясаткер Путинге үндеу жасады

Malim Админ

  • 26.11.2024

Бұрынғы сенатор, саясаткер, "Кенесары" қорының президенті  Уәлихан Қайсар Путинге үндеу тастады,- деп хабарлайды Malim.kz. Ол Ресей президентінен қазақтың соңғы ханы Кенесарының басын қайтаруды талап етті.  

"Құрметті, Ресей федерециясының президенті Владимир Владимирович Путин! Сізге үндеу жасап тұрған Кенесары хан тарихи-мәдени қорының президенті. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымовтың басы тым ұзақ уақыт бойы Ресей жерінде жатыр. Мен сізден бұл процесс бойынша жеке шешім қабылдап, ханымыздың басын қайтаруға тікелей атсалысуды өтінемін. Бәріне белгілі, тарих, мәдениет пен өнер қай уақытта да соғыстан тыс дүниелерге жатады. Қазақ халқы ерекше қастерлейтін ханның басын осынша уақыт ұстап отырғандарыңызды қалай түсінуге болады?! Бұлай жасауға болмайды", -дейді Уәлихан Қайсаров.   

Айта кету керек, қазақтың бостандығы мен болашағы үшін күрескен ханның бас сүйегі Ресейде жатқаны белгілі. Бірақ нақты қайда жатқаны айтылмайды. Уәлихан Қайсаров бабамыздың басын қайтару мақсатында арнайы Кенесары қорын құрып, осы мақсатпен Лондонға, одан кейін Мәскеуге барып қайтқан. Мәскеуде Дума депутаттарының біразына жолығып, осы мәселені қозғаса да,  олар бұл әңгімені қозғаудан саналы түрде бас тартты. Қазір осы мәселемен айналысып, арнайы зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. Қайсаров бұл іске бойында намысы бар кез келген Қазақстан азаматы атсалысуы тиіс дейді. 

Естеріңізге сала кетейік, Ресей президенті Путин Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келеді. 

Фото: InfoBook.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды