«Күніне тамаққа 50-60 мың теңге жұмсаймыз». Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды

Сабина Асқарқызы

  • 28.02.2025

Бүгін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz 

Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, Әсет Ерғалиев бұл қызметті бұған дейін де атқарған. Атап айтсақ, 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап 2023 жылға дейін істеген.

Айта кетейік, Әсет Ерғалиев 2021 жылы министр кезінде күніне азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсайсыз деген сұраққа жауап беріп жатып, шатасқан болатын.

«Отбасымызбен күніне тамаққа 50-60 мың теңге жұмсаймыз», - деген болатын министр Мәжіліс кулуарында. Бірақ «бұл бір айда ма?» деп нақтылаған кезде «иә» деп жауап берді.

«Біз де нан, сүт, қант сатып аламыз. Біздің де отбасымыз сіздердікіндей», - деді Ерғалиев.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

01.05.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

10.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды