Күрделенген геосаяси жағдай. Ұлттық мүдде бәрінен жоғары

Геосаяси күрделенген жағдайда Қазақстан ұлттық мүддені бәрінен жоғары қояды. Ұлттық қауіпсіздік күшейтіледі.

  • 23.09.2022
Фото: Aikyn.kz

Соңғы уақытта Украина мен Ресей арасындағы соғыстың ауқымы үлкейген сайын әлемдік геосаяси жағдай да күрделене түсті. Ресейдің ішінара мобилизация туралы шешімінен кейін Ресей Федерациясында азаматтардың шетелге кетуге асығуы белең алды. Ресеймен шектесетін өткізу бекеттерінде ондаған шақырымдарға созылған көлік кептелісі пайда болды. Бейресми деректерге қарағанда кейбір аймақтарда шекарадан өту үшін кезекке тұрғандардың тізбегі 20-30 шақырымға жеткені айтылып жатыр.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шектесетін шекараның әлемдегі ең ұзын шекара екенін ескерсек, бұл жағдайдың Қазақстан үшін оңай болмайтыны о баста-ақ түсінікті болған. Қазақстан мен Ресей Еуразиялық одаққа мүше елдер екені белгілі, демек, Ресей азаматтары Қазақстанға визасызы өтіп, біздің елдің аумағында 3 айға дейін жүре алады. Әрине, одан ары қарай уақыт создыру үшін арнайы талаптар бар. Әскерге барғысы келмейтіндердің өзге елге бағыт алуға бел байлағанда ең алдымен оындай жеңілдікті пайдаланғысы келетіні айтпаса да түсінікті. Осының салдарынан соңғы уақытта Қазақстан азаматтары шекарадағы жағдайға және ресейліктердің тоқтаусыз көшіне алаңдаушылық танытып жатыр. Тіпті, шекараны жабу туралы талаптар да айтылып жатыр. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар да Ресейден келіп жатқан азаматтардың статусын анықтау мәселесін көп талқылап жүр. Бұл жердегі күрделі түйін – Ресей билігінің сыртқа ағылып жатқан азаматтарына қатысты нақты бір ресми мәлімдеме жасамағаны. Халықаралық кейбір ұйымдар мен жекелеген саясаттанушылар бұл үдере көшкен азаматтарға «босқын» мәртебесі беріле ме, жоқ па деген сауалды да талқылап жатыр. Ресейдің үнсіздігі бұл мәселені бір жақты қылуға мүмкіндік бермей отырғанын да айта кету керек. Дегенмен, бұл «көш» бейресми түрде босқындар атала бастағанын да айта кету керек.

Мұндай екіұшты жағдайда Қазақстан билігі де болып жатқан уақиғаларға нақты бір анықтама берген жоқ. Оның себебін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады.

«Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы әрдайым сенімнің жоғары деңгейімен және сындарлы тәсілдерімен ерекшеленді. Қазіргі жағдайда ҚР Мемлекеттік органдары еліміздің қолданыстағы заңнамасын және халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Қазіргі қиын кезеңде кез келген өткір мәлімдеме немесе әрекет жағымсыз әсер тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Бүгінгі таңда Қазақстанның инфрақұрылымы көші-қонның қазіргі жағдайынан салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз өтуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету және сервис объектілері де өз қуаттары аясында жұмыс істейді. Біз ағымдағы ахуалға мұқият мониторинг жүргізіп отырмыз және елеулі бір қатерлер туындаған кезде халықаралық құқық пен ұлттық заңнаманы ескере отырып, тиісті шаралар қабылданатын болады. Біз мемлекеттік органдардың ресми және объективті ақпаратына сену маңызды деп санаймыз, бұл қажетсіз алаңдаушылықтың алдын алуға көмектеседі», - деп хабарлады ведомствоның ресми сайтында.

Бұл жердегі ерекше мән беретін жағдай – «кез келген өткір мәлімдеме немесе әрекет жағымсыз әсер тудыруы мүмкін» екендігі. Иә, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы 30 жыл бойы ынтымақтастық, татулық, достық, сенім деген сөздердің аясында жүріп келді. Ресей-Грузия конфликтісінде де, Ресейдің Қырымды аннекциялап алған кезінде де, Ресейдің Египеттегі әскери операциясы кезінде де Қазақстан тарапы бейтарап позиция ұстанған. Ресей мен Украина соғысы басталғанда да Қазақстан бейтарап ұстанымында болды. Бірақ, уақыт өте келе Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Птербордағы кездесу, Путин екеуінің ашық жиалогында Луганск халықтың респубилкасы (ЛХР-ЛНР) мен Донецк халықтыө республикасын (ДХР-ДНР) мойындамайтынын ашық айтты. Президенттің бұл мәлімдемесі әлемдік БАҚ беттерінде аз талқыланған жоқ. Дегенмен, бұл Қазақстанның Ресеймен кетісуін білдірмейді, одан кейін де екі тарап бірнеше мәрте ресми кездлесулер өткізді. Шекарадағы жағдайға байланысты да екі тарап консультациялық отырыс ұйымдастыру туралы айта бастады. Бұл орайда Қазақстанның Украинамен де тығыз байланысып, жағдайды жиі-жиі талқылап отырғанын ескеруге тиіспіз. Қалай дегенде де жас Қазақстан Республикасының мұндай сындарлы шақтан сүрінбей, арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей, аман-есен өтуі басты мақсат. Сол себепті, Қазақстан азматтарының Ресейден келіп жатқандарға деген ұстанымы мен қарым-қатынасы өте маңызды. Қызуқандылыққа салынып, ресейліктерге қысым көрсету – ішкі қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан, осыған дейін билік өкілдері бірнеше мәрте мәлемдеме жасап, жағдайдың бақылауда екенін, азаматтардың бұл жағдайларға салқын сабырмеен қарауын сұрады. Ресей азаматтарының қалың өкші дегенде біздің шекарадағы бақылау бекеттерінің жұмысы мен инфрақұрылымдық, цифрлық мүмкіндігінің әлеуетіне ерекше мән беріледі. Қазақстан әлемде құжаттарды қашықтан рәсімдеу, цияфрлы қызмет көрсету бойынша үздік ондыққа кіретінін ескерсек, бұл жағынан бақылауды бар екеніне сенуге болады. Ресейліктер Қазақстан ЖСН-ін алу үшін жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, тіркеуге тұрғаннан кейін де, оның нәтижесін, яғни, қағаз нұсқасын алу үшін кезек күтіп ХҚКО алаңдарында жүріп алғаны белгілі. Оларға құжаттың электронды нұсқасы телефондарына және электронды пошталарына жіберілетінін айтса да, олар сеніңкіремей, кетпей тұрып алғанын білеміз. Осыған орай министр Мусин арнайы үндеу жасап, Ресей азматтарына Қазақстандағы құжат рәсімдеудің ерекшеліктерін (артықшылықтарын) түсіндіруге мәждбүр болғаны күні кеше ғана. Демек, Ресейдің өзінде құжат алу үшін сағаттап кезекке тұруға мәжбүр болатын ресейліктер Қазақстанда құжаттық тіркеуден өткен соң жоғарғы деңгейде бақылауда болады деген сөз. Әрине, олардың көбі Қазақстан арқылы өзге мемлекеттерге өтуге мүдделі екендерін же айтып жатыр. Ал, транзит туралы жоспары жоқтар үш айдан кейін заңға сәйкес Қазақстан аумағынан шығуға мәжбүр болады.   

Қазір соғыс жағдайындағы Ресейдің белгілі бір деңгейде жабық саясат ұстанып отырғанын ескерсек, ол жақтағы нақты жағдай толықтай белгілі емес. Бірақ, қандай жағдай болғанда да, бұл келгіншілер Қазақстанның талаптары бойынша жүріп-тұрады, кіріп-шығады. Министрлік мәлімдемесінде ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүдде ең бірінші кезекте болатыны айтылған.

«Шетел азаматтарының ҚР-ға кіру және болу тәртібі бар, оларды бақылауды ҚР ҰҚК Шекара қызметі және тиісінше ҚР ІІМ жүзеге асырады. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеуде және жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етуде. Бұл ретте, кез келген елдің шетелдік азаматтарының ҚР аумағында мерзімсіз болуға құқығы жоқ, олар еліміздің көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы қажет. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды және біздің іс-әрекеттеріміз осы қағидаттардан туындауы тиіс екенін атап өтеміз. Сондықтан, қолданыстағы шарттар сақталуы тиіс және ықтимал құқық бұзушылықтарды әкімшілік тәртіппен тоқтату керек. Мемлекетте ұлттық мүдделерді қорғаудың тетіктері жеткілікті, бұл орайда, ұлттық мүдде бәрінен де жоғары», - дейді Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігі.

Демек, ағылып келіп жатқан ресейліктерге қатысты Қазақстанның ұстанымы белгілі. «Шекараны біз жаппасақ та, Путиннің өзі жабуға мәжбүр болады», деген болжамдар да айтылып қалып жатыр. Яғни, әскер қатарна барғысы келмейтін азаматтарының саны күр көбейіп кетсе, олардың сыртқа шығуына қойылатын талаптар күшейтіліп, шекарадан кері қайтуы да мүмкін. Сол себепті, Ресейдің Украинаға қатысты ресми ұстанымымен келіспейтін «босқындарға» Қазақстан қоғамының түсіністікпен қарауы да үлкен роль атқарады.

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды