Лукашеноконы сыбаған жігіт сотталды. Беларусьтегі соңғы жаңалықтар
«Мемлекет басшысының беделіне, оның жеке және кәсіби қасиеттеріне, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіретін» «қорлайтын» сөздер айтқанын мойындаған.
Вьетнам Украина үшін соғысқан Беларусь азаматын Минскіге экстрадициялады. Австрия мен Швеция эмигранттарға «шетелдік төлқұжат» бере бастады. Соңғы аптадағы Белоруссиядағы негізгі жаңалықтар жайлы ВВС анық-қанығын жазды.
Белорусь мемлекеттік арналары Вьетнамның Украина жағында соғысып жатқан Калиновский полкінің бұрынғы жауынгерін Минскіге экстрадициялағанын жариялады және оның есімін атады. Бұл беларусь армиясының бұрынғы офицері Василий Веремейчик. Швеция мен Австрия белорус саяси эмигранттарына мерзімі өтіп кеткен ұлттық төлқұжаттарын ауыстыру үшін «шетелдік төлқұжат» беретін елдердің қатарына қосылды.
Витебск тұрғыны банктің қолдау қызметімен сөйлесіп, президентке тіл тигізгені үшін түрмеге жабылды.
Василий Веремейчик ұзақ жылға сотталуы мүмкін
20 қараша күні кешке беларусь телеарналары жедел кадрларды көрсетті: жүздері анық көрінбейтін қара киінген екі адам қолы кісенделген кісіні ұшақтан алып тсүті. Тұтқынның жүзін анық көрсетті, телеарналар оның есімін де жария етті: ол 34 жастағыбелоруст армиясының бұрынғы офицері Василий Веремейчик. Беларусь билігінің сұрауы бойынша ол Вьетнамнан Минскіге экстрадицияланды.
«Зеркало» және «Наша Нива» басылымдарының хабарлауынша, Веремейчик Беларусь армиясының лейтенанты болған, 2020 жылы Александр Лукашенкоға қарсы шерулерге қатысып, 15 тәулікке қамауға алынған. Осыдан кейін ол Украинаның Львовына кеткен, Ресеймен соғыс басталған кезде ол өз еркімен Калиновский полкіне қосылған. Бұл полк негізінен белорустардан тұрады және Украина армиясы жағында шайқасады.
Александр Лукашенко өз жарлығымен оппозицияны қолдаған басқа да әскери және қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге офицерді әскери атағынан айырған болатын.
Басылымдардың жазуынша, 2022 жылдың соңында Веремейчик полктегі қызметін аяқтап, Литваға көшіп, сол елден саяси баспана сұраған, бірақ беларусь армиясындағы бұрынғы қызметіне байланысты Литва билігі оған саяси баспана беруден бас тартты.
Ол 2024 жылы 13 қарашада төбелесті деген күдікпен Вьетнамда ұсталып, 14 қарашада Белоруссияға экстрадицияланғаны белгілі болды.
Белорусь билігі оған Қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша айып тағылатыны туралы әзірге түсініктеме берген жоқ. Калиновскийдің полкі елде «террорлық ұйым» деп танылған, оған қатысушылар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полктің ресми сайтында олар өздерінің бұрынғы жауынгері туралы ешқандай ақпаратқа түсініктеме бермейтіні және полк атынан қандай да бір ақпарат шықса сенбеуге шақыратыны туралы мәлімдеме пайда болды (Кейбір телеграм каналдарда Вермейчикті Ресей тұтқындарына айырбастау туралы талаптар пайда болды).
«Зеркалаға» берген сұхбатында заңгер және халықаралық қылмыстық құқық бойынша сарапшы Алес Михалевич Веремейчикке қатысты жағдайды Вьетнам мен Белорусь барлау қызметтері арасындағы «келісім» деп атады. Оның айтуынша, экстрадициялау процесі бір күнде аяқталмаған.
Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяның кеңсесі беларусь эмигранттарына үндеу жасап, Беларусь немесе Ресейге экстрадициялау туралы келісімі бар елдерге бармауға шақырды.
Сол күні, яғни 20 қараша кешінде мемлекеттік телеарналар Калиновский полкінде қызмет етті деген тағы бір тұтқын Максим Ральконы көрсетті. Оның қалай және қандай жағдайда Беларусь түрмесіне түскені белгісіз.
Австрия мен Швеция саяси эмигранттарға «шетелдік төлқұжат» тарата бастады
Беларусь халық ассамблеясы ұйымы (Еуропа елдеріндегі Беларуссиядан келген саяси эмигранттарға құқықтық және практикалық көмек көрсететін ұйым) осы аптада Австрия мен Швеция беларусь мигранттарына «шетелдік төлқұжат» бере бастаған соңғы екі ел болды деп хабарлады.
2023 жылдың қыркүйегінде Александр Лукашенко Беларусьтің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері көрсететін қызметтер тізімін күрт шектейтін жарлық шығарды.
Шектеу бойынша Беларуссия азаматтары бұдан былай шетелде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен төлқұжаттың орнына шетелдік төлқұжат ала алмайды. Бұл үшін олар елге оралуы керек, ал көптеген адамдар үшін елге оралу қауіпті, тіпті мүмкін емес. 2020 жылғы наразылық акциясына қатысқаны үшін оларға қарсы қылмыстық іс ашылады (немесе солай болуы мүмкін).
Лукашенок жарлығынан кейін бірден Светлана Тихановская кеңсесі еуропалық билікке саяси эмигранттар үшін «жаңа Беларусь паспортын» жасау туралы өтінішпен жүгінді. Бірақ техникалық және бюрократиялық тұрғыдан бұл мүмкін емес болып шықты: ұлттық төлқұжаттарды берудің монополиялық құқығы Беларусь билігіне тиесілі және оны өзгерту үшін БҰҰ деңгейінде шешім қажет.
Бірақ биыл жазда Германия мен Польша мерзімі өткен паспорттары бар белорустарға «жол жүру құжатын» немесе «шетелдік төлқұжаттарды» бере бастаған. Олар кәдімгі Белорусь паспортымен салыстырғанда ешқандай артықшылық бермейді, бірақ бұл құжаттар шенген аймағында еркін және заңды түрде жүруге және Белорусь азаматтарына қажет елдерге виза алуға жарамды.
Осылайша, мерзімі өтіп кеткен құжаттармен шет елге кетуден қорыққан эмигранттарға Еуропа елдері көмектесудің оңтайлы жолын тапты.
Лукашеноконы сыбаған жас жігіт түрмеге қамалды
20 қарашада Витебск прокуратурасы 2024 жылдың маусымында арнайы терминал (ақпарат дүңгіршегі) арқылы картаға қолма-қол ақша салғысы келген жас жігіт (аты-жөнін жарияламады) туралы пресс-релиз жариялады.
Мәліметке қарағанда, операция ойдағыдай болмаған, содан кейін ол үйіне оралып, елдегі ең ірі «Беларусьбанктің» қолдау қызметіне телефон соғады. Прокуратура әңгімелесу кезінде оның операторға нақты не айтқанын жарияламады, бірақ бұл қоңыраудан кейін оператор банктің қауіпсіздік қызметіне, ал оның қызметкерлері полицияға хабарласқанын айтты.
Нәтижесінде жас жігіт ұсталып, «Мемлекет басшысының беделіне, оның жеке және кәсіби қасиеттеріне, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіретін» «қорлайтын» сөздер айтқанын мойындаған.
Сот жас жігітті «президентті көпшілік алдында қорлау» бабы бойынша 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды (көпшілік деп, колл-орталық қызметкерлерінің жігіт сөзін тыңдағанын айтып отыр). Сонымен қатар, жігіттің телефоны заттай айғақ ретінде тәркіленген.
Фото: ВВС