Мемлекеттік тілдің заңдық күшеюі бәріне бірдей ұнамайды

Парламент Мәжілісінде жарнамадағы қазақ тіліне талапты күшейтетін заң жобасы екінші оқылымда барып мақұлданды. Депутат Берік Әбдіғалиұлы, сондай-ақ, елдімекендер атауын жазуда, мемлекеттік мекемелерде орыс тілін қажет болған жағдайда ғана қолданған жөн деп санайды. Бұл жаңалыққа көпшілік қуанғанмен, кейбіреулерге ұнамаған сыңайлы.
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аталатын заң жобасының мақсаты сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы, басқа да көпшілік көретін ақпараттың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы болып отыр. Мәтіндердің түпнұсқалы аударылуы бойынша да қосымша талаптар белгіленбек.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің мәселесі бәрімізді алаңдатады. Соның ішінде сайлаушыларымыздың жиі көтеретіні – көрнекі ақпараттағы қазақ тіліндегі мәтіндердің сауатсыздығы, ал кейбіреулерде тіпті қазақ тіліндегі мәтіннің болмауы», - дейді Берік Әбдіғалиұлы.
Депутаттың пікірінше, елдімекендердің дәстүрлі тарихи қалыптасқан қазақ атауларын тек мемлекеттік тілде жазған абзал. Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларында да мағлұматты орыс тілінде қажет болған жағдайда ғана келтіру дұрыс болмақ. Хабарландыру, ас мәзірі сияқты дүниелерде де солай.
«Халық денсаулығы кодексіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нұсқаулықтарының, таңбалаудың, стикерлердің барлық мәтіні Тілдер туралы заң талаптарына сәйкес, түпнұсқалық мағынасы мен орфографияны сақтай отырып, жазу жөнінде толықтырулар енгізілді. Дегенмен бірқатар ұсыныс әлі пысықталып жатыр. Оларды мемлекеттік тілге байланысты бөлек заң жобасын дайындап, сол жерде кең көлемде көздеуді ұйғардық. Осылайша қазақ тілі мәселесін шешуге бір табан жақындадық деп үміттенеміз», - деп нақтылайды ол.
Жаңалықты естіген жұрттың басым бөлігі сауаттылық пен тәртіпке шақыратын бастамаға қолдау білдіргенімен, қарсылық танытқандар да кездесті. Мәселен саясаттанушы Данияр Әшімбаев бұған қатты ашуланып, өз ойын қорғау үшін біртүрлі дәйектер келтірді. Оның сөзінше, заң жүзінде дәстүрлі қазақ атаулары деген жоқ, тек құзырлы тараптар бекіткен ресми атаулар ғана бар. Сосын қай алфавит негізге алынады, кириллица ма, латынша ма деп жақауратты. Тіпті сарапшы депутат өз ұсынысымен тіл басқармаларына бизнесті жемқорлық көзіне айналдыруға жол ашты деп кінәлап, 30 жылдағы тіл саясатының тиімсіздігін, екі-үштілділіктің аяққа тапталғанын нұсқады.
Бұған жауап ретінде Берік Әбдіғалиұлы оны сабырға шақырып, бәрі Конституция аясында екенін, заң жобасы Сенатқа өткенін жеткізді.
Тәңірберген АРҒЫН
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Депутаты, выходите!» Как открывали сессию парламента
Напрасно перед открытием сессии окончательно обновленного парламента журналисты беспокоились, что различать депутатов, еще вчера развлекавших публику на каких-нибудь тоях да инстаграм-тусовках, будет невозможно. Некоторые обремененные мандатом креативщики с первого дня вырвали к себе внимание. Блогер Даулет Мукаев, например, украсил голову красивой тюбетейкой, и никто не ругал его за нарушение парламентского дресс-кода. Правда «пилить контент» на открытии сессии у него даже при желании не получилось бы. У входа в зал совместных заседаний депутатов и чиновников заставили оставить смартфоны в специальных ящичках. Такого даже в старом Казахстане не было.