Мусиннің министрлігі кибершабуылдан қорғай алмайды

Елдегі интернет жүйелеріне ауыртпашылық түсті

Malim Админ

  • 07.10.2022

Соңғы кезде қазнетке кибершабуыл күшейе түсті. Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған. Бұл туралы «Мемлекеттік техникалық қызмет» баспасөзі хабарлады.  

«Қауіптерді азайту үшін барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға төтеп беруде. Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуылға тойтарыс берілді», - делінген ұйымның хабарламасында.

Қазақстанның  қауіпсіздік жүйесіне кибершабуылдардың үдеуі Президент сайлауымен  байланысты болуы мүмкін. «Мемлекеттік техникалық қызмет» осындай болжам жасап отыр.   

DDoS шабуылдары    үшін бүкіл әлем бойынша таралатын ботнет деп аталатын вирус жұққан компьютерлер мен IoT құрылғыларының желілері қолданылған. Қазіргі уақытта Cybershield күшейтілген режимде жұмыс істейді.   Айта кетсек, DDoS шабуылы – бұл белгілі бір интернет-ресурсқа немесе интернет сегментіне ретсіз сұраныстар түріндегі арнайы бағытталған қуатты трафик ағыны. Шабуыл нәтижесінде Интернетке қосылу  қиындайды.   

Министр  Бағдат Мусин   мемлекеттік ақпараттық ресурстарға жасалатын  кибершабуылдардан қорғану өзінің министрлігіне тиесі емес екенін айтады.

«Бұл сала бойынша біз заң мен стандарттар жазамыз, ал кибершабуыл мен қорғанысқа арналған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік ұйымы бар, ол – Мемлекеттік техникалық қызмет. Біз жалпы заң талаптарын және басқа да талаптарды бекітеміз, олар сол бойынша жұмыс істейді. Қазір елдегі интернет жүйелеріне ауыртпашылық түсті, оның жылдамдығы баяулады», - дейді  Мусин.    

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады