Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу тапсырылды

Malim Админ

  • 11.03.2025

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.

Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады.

Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемаларды, әсіресе Семей қаласының осы бағыттағы мәселелерін шешу өте өзекті.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды. Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Осы ретте аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады

13.03.2025

Қазақстанның СІМ басшысы АҚШ-тың мемхатшысымен сөйлесті

12.03.2025

Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды

12.03.2025

Тоқаев Дариға Тілендиеваның қазасына байланысты көңіл айтты

12.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді

09.03.2025

Нығматулин 12 жылға сотталуы мүмкін

08.03.2025
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді

Қазақстанның СІМ басшысы АҚШ-тың мемхатшысымен сөйлесті

Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды

Тоқаев Дариға Тілендиеваның қазасына байланысты көңіл айтты

Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева өмірден өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді

Нығматулин 12 жылға сотталуы мүмкін