Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент Мәмидің күйеубаласына ескерту жасады

Саясат
Президент Мәмидің күйеубаласына ескерту жасады

Сөгістер мен ескертулер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған шенеуніктердің жұмысын сынға алды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік УАЛИ фейсбук әлеуметтік желісінде хабарлады.

Президент жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі Ондасын Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Соңғы кездері пиярмен көзге түскен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов болса ескертумен құтылды. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Асқар Жұмағалиевке де ескерту жасады. Осылайша, президенттен сөз естіген шенеуніктер қатарына Конституциялық кеңестің төрағасы қайрат МӘМИДІҢ де күйеу баласы кірді. 

Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.

Фото: baribar.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу