freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысындағы тауда бір адам қаза тапты

Оқиға
Түркістан облысындағы тауда бір адам қаза тапты
Фото: ТЖМ

Түркістан облысының таулы аймағында 48 жастағы ер адам көз жұмды. Тағы бір туристі құтқарушылар тікұшақпен эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару операциясы Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында орналасқан Шүнкілдүк асуында, теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте жүргізілді.

Оқиға туралы хабарды марқұмның серігі берген. Оның айтуынша, досының жағдайы күрт нашарлап, кейін қайтыс болған. Ал өзі де денсаулығы сыр беріп, таудан өздігінен түсе алмағандықтан көмек сұраған.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды. Құтқарушылар 33 жастағы ер адамды тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізіп, дәрігерлердің қарауына тапсырды. Медициналық көмек көрсетілгенімен, оны ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Сондай-ақ құтқарушылар қаза тапқан ер адамның мәйітін таудан түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жартастан құлап көз жұмған.

ТЖМ азаматтарды тауға шығар алдында маршрут туралы жақындарына алдын ала хабарлап, ауа райы болжамын ескеруге, байланыс құралдарын, жеткілікті су, дәрі қобдишасы мен қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу