freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

Саясат
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалады.

Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы да атап өтілді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу