freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін түнде метеор жауады: қазақстандықтар сирек құбылысты тамашалай алады

Білім-ғылым
Бүгін түнде метеор жауады: қазақстандықтар сирек құбылысты тамашалай алады
the-steppe.com

30 шілдеден 31 шілдеге қараған түні аспанда бірден екі метеор ағыны – Southern Delta Aquariids және Alpha Capricornids шарықтау шегіне жетеді. Астрономдардың айтуынша, мұндай сәйкестік жыл сайын бола бермейді және аспан құбылыстарын бақылауға қызығатындар үшін ерекше мүмкіндік саналады.

Southern Delta Aquariids ағыны жиірек байқалатын метеорларымен ерекшеленсе, Alpha Capricornids сирек болғанымен, өте жарық «отты шарларымен» танымал. Биыл Айдың жарығы күшті болғандықтан, әлсіз метеорларды көру қиындауы мүмкін, бірақ ең жарықтары анық байқалады.

Мамандар қала жарығынан алыс жерге шығып, түн ортасынан таңға дейін аспанды бақылауға кеңес береді. Арнайы телескоптың қажеті жоқ – метеорларды жай көзбен көруге болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу