Бүгін, 29 шілдеде сағат 11:09-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласында жер асты дүмпулері 2 балл қуатпен сезілді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезінде ұстану қажет қағидалар:
сабыр сақтаңыз;
жер сілкінісі болып жатқан кезде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
жиһаздар мен терезелерден алыс тұрыңыз, люстралардың астында тұрмаңыз;
берік әрі қауіпсіз жерге паналаңыз. Егер ғимараттың жоғарғы қабаттарында болсаңыз, негізгі көтергіш қабырғалардың бұрышына орналасыңыз;
су, газ және электр қуатын ажыратыңыз;
төтенше жағдайға арналған сөмкені (дабыл чемоданын) өзіңізбен бірге алыңыз;
ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері толық тоқтағаннан кейін);
көшеде электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алыс болыңыз;
қайталама жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
егде жастағы адамдарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіңіз.