Президент Си Цзиньпинді елорда әуежайынан шығарып салды

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, әуежайдан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 16 маусым күні Президент Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алған болатын. Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеп, мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсеткен еді.
Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды.
Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді.
Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы 24 келісім жасасты.
Фото: Ақорда

Ең көп оқылған
