Президент жолдауын дайындау және іске асыру ережесі өзгерді

Үкімет аппараты жалпыұлттық жоспар бекітілгеннен кейінгі 20 жұмыс күнінің ішінде жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне жалпыұлттық жоспар іс-шараларын іске-асыру жол картасының қалыптастырылуын және толтырылуын қамтамасыз етеді

Malim Админ

  • 13.02.2025

Мемлекет басшысы ҚР Президентінің Жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы ережеге өзгертулер енгізу туралы 2025 жылдың 10 ақпанындағы жарлыққа қол қойды, - Malim.kz.   


Ережеге сәйкес, Үкімет аппараты жалпыұлттық жоспар бекітілгеннен кейінгі 20 жұмыс күнінің ішінде жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне жалпыұлттық жоспар іс-шараларын іске-асыру жол картасының қалыптастырылуын және толтырылуын қамтамасыз етеді.

Жауапты мемлекеттік орган Президент пен Президент Әкімшілігі басшылығының заңнамалық түзетулер қабылдау мәселелері жөніндегі тапсырмасы келіп түскен күннен бастап, екі апта мерзімде Президент Әкімшілігіне және Үкімет аппаратына Әділет министрлігімен келісілген орындау процесі мен оның кезеңдері туралы пайым енгізеді. 

Тапсырмаларды орындау мерзімін ұзартуға (бірінші ұзартуға) кінәлі лауазымды адамдардың тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша жол беріледі. 

Фото: Freepik

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады