Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

Сұлу Бөлек

  • 06.05.2025

Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды.

Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамнан үлкен әсермен оралғанын айтты. 

"Құрметті То Лам мырза, еліміздің астанасына қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыздың тарихи маңызы зор және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ықпалдастықты кең ауқымда дамытуға тың серпін береді деп санаймын. Сіздің еліңізге жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым. Вьетнаммен түрлі бағыттағы байланысты жан-жақты нығайту тұрғысынан жұмысты жалғастыру қажет деген ойға келдім. Екі ел ынтымақтастығының әлеуеті мол", - деді ол.

Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам алғыс айтты. 

"Қадірлі Президент мырза, Сізге және Қазақстан халқына шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Ұшақ трапынан қарсы алғаныңыз – біз үшін зор мәртебе. Бұл асқан қонақжайлылықтың және бізге көрсетілген құрметтің белгісі. Қазақстан мен Вьетнамды тамыры терең достық қарым-қатынас байланыстырады", - деді ол.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

06.05.2025

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

06.05.2025

Вьетнамдық компания Қазақстаннан әуежай сатып алмақ

06.05.2025

Вьетнамға жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым - Тоқаев

05.05.2025

Қазақстанның шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

05.05.2025

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

03.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

Вьетнамдық компания Қазақстаннан әуежай сатып алмақ

Вьетнамға жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым - Тоқаев

Қазақстанның шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

Қорытынды тізімге 25 хоккейші енді

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады