Құлыбаевтың орнына Баталов келді
Райымбек Баталов “Атамекен” ҰКП төрағасы болып сайланды.
Бүгін Ұлттық палата "Атамекен" ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі өтті.
Күн тәртібінде ұлттық палатаның қызметін реформалау, кәсіпкерлікті дамыту сынды басқа да өзекті мәселелер қаралып, палатаның жаңа төрағасы анықталды. Қызметке бірауыздан Райымбек Баталов бекітілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Атамекен" ҰКП төрағасы қызметін Тимур Құлыбаев атқарған болатын. Ол 2013 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін осы қызметте болды.
Тимур Құлыбаев - Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Назарбаеваның күйеуі. Тимур және Динара Құлыбаевтар Forbes тізімі бойынша Қазақстанның ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұр.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дело Данебаева: адвокаты заявили отвод судье
Адвокаты подсудимого Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни, заявили отвод судье Алматинского районного суда № 2 Гульжахан Убашевой. Данебаев известен тем, что в прошлом году подавал заявление в полицию на Касым-Жомарта Токаева. Он посчитал, что президент, заявив о нападении на Алматы «20 тысяч террористов», распространил недостоверную информацию.
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды
25 тәулікке қамалған тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, журналиске ҚР ҚК 258-бабы «террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік» бойынша айып тағылған»,- деп хабарлайды Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы.