Қытай бізге жәрдем ғана берген – Президент

Біздің елдеріміз әрдайым тығыз байланыста және достық қарым-қатынаста болды.

Берік Дәулетов

  • 03.07.2024

Қытай елі қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ең алдымен шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін қадірлі досым Си Цзиньпинге шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы сапарыңыз қазақ-қытай жылнамасындағы айтулы әрі тарихи оқиға. Оған қоса бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге деген сіздің ниетіңіздің айқын көрінісі деп білемін. Мен бұл игі ұмтылысты толықтай қолдаймын. Қытай - біз үшін тату көрші, достас және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес мемлекет. Бұл біздің елдерімізге ортақ құндылықтар мен ортақ ұстаным деп айтқым келеді. Оның тарихи тамыры тереңде жатқаны сөзсіз, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ежелден екі елдің халықтары арасында өзара қолдау негізіндегі тығыз сауда және гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келгенін баса айтты.

Халықтарымыз Ұлы Жібек жолы бастау алып, төрткүл дүниеге таралған киелі жолда ынтымағы мен бірлігін жарастырған. Тарих қойнауына үңілетін болсақ, қытай елі қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ. Ешқандай тосқауылдар қойған емес. Жәрдем ғана берген. Біздің елдеріміз әрдайым тығыз байланыста және достық қарым-қатынаста болды. Бүгін де солай және солай болып қала да бермек. Мен бұған кәміл сенемін. Бір сөзбен біз осы сара жолды міндетті түрде жалғастырамыз. Халықтарымыздың арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей береміз. Бүгінгі келіссөз нәтижесі соның айқын дәлелі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды